Қазақстан Еуропа Суперкубогы мен әйелдер Чемпиондар Лигасының финалын өткізуге үмітті

Қазақстан футбол федерациясы 2018/19 маусымда Еуропа Суперкубогы мен әйелдер Чемпиондар Лигасының финалын өткізуге өтініш білдірді. 

Еуропа Суперкубогы үшін өтетін ойынға Астанада бөлек, Тирана, Будапешт, Хайфа, Варшава, Гданьск, Белфаст, Стамбул, Тулуза және Глазго қалалары ниетті. 

Әйелдер арасында Чемпиондар Лигасының финалын өткізуге Астанамен қатар Будапешт, Мадрид, Каунас, Прага және Глазго үміттеніп отыр. 

Құжаттар 2017 жылдың 6 маусымына дейін тапсырылуы тиіс. 

Жеңімпаз қалалар 2017 жылдың қыркүйегінде анықталады. 

Дереккөз: uefa.com