2016
«Астана» - үш дүркін чемпион!
2016

«Астана» Қазақстан Чемпионатында үшінші рет жеңіске жетті. Алматылық «Қайрат» күміске ие болса, павлодарлық «Ертіс» қола медальды қанағат тұтты

Суперкубок жеңімпазы - «Қайрат»
2016

Қазақстан Суперкубогында «Астана» мен «Қайрат» кездесті. «Астана Арена» стадионында өткен ойында есеп ашылған жоқ. Матч соңындағы пенальти сериясында «Қайрат» футболшыларының мерейі үстем болды. Бұл ойында танымал FIFA төрешісі, өзбекстандық Равшан Ирматов қазылық етті

Еуропа Чемпионатының қола жүлдесі
2016

Еуропа Чемпионатына алғаш рет қатысқан футзалдан Қазақстан құрамасы қола жүлдені жеңіп алды. Үшінші орын үшін өткен тарихи кездесуде біздің ойыншылар Сербия құрамасымен кездесіп, 5:2 есебімен айқын жеңіске жетті

Еуропа додасындағы алғашқы ойын
2016

Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіндегі алғашқы ойынын Ресей құрамасымен өткізді. Ромуло соққан екі голдан кейін Ресей құрамасы алға шықты. Бір минут өткеннен кейін Игита пасын қақпаға бағыттаған Серік Жаманқұлов есеп айырмасын қысқартты. Бұл Қазақстан құрамасының Еуропа чемпионатының тарихында соғылған алғашқы голы болды. Өкінішке қарай, Какау шәкіттерінің әрі қарай есепті өзгерте алмады

2015
Чемпиондар Лигасының топтық кезеңі
27 августа 2015

«Астана» - первый клуб, который пробился в групповой турнир Лиги чемпионов

«Қайрат» - Кубок иегері
2015

Алматылық «Қайрат» Қазақстан Кубогының жеңімпазы. Атап кетсек, оңтүстік астаналық команда Қазақстан Кубогындағы жеңістер саны бойынша рекордтың иегері. Жалпы қайраттықтар аталған жарыста 7 рет жеңімпаз атағына ие болды

«Астана» - екі дүркін чемпион
2015

«Астана» екінші рет Қазақстан чемпионы атанды.

Суперкубок жеңімпазы - «Астана»
2015

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев футболдан Қазақстан Суперкубогы үшін өткен жарысты тамашалады. «Астана» мен «Қайрат» арасында өткен ойын елордалық футболшылардың жеңісімен аяқталды. Ойында ФИФА төрешісі, швециялық Йонас Эриксcон бастаған төрешілер тобы қызмет атқарды

«Қайрат» - УЕФА Кубогының жеңімпазы
2015

Футзалдан алматылық «Қайрат» екінші рет УЕФА Кубогының жеңімпазы атанады. Финалдық ойында Какау командасы атақты «Барселонаны» ұтты

2014
«Астана» алғаш рет чемпион атанды
2014

«Астана» тұңғыш рет Қазақстан чемпионы атанды

Үздік ойыншы - Бауыржан Исламхан
2014

Бауыржан Исламхан Қазақстан Чемпионатының ең үздік ойыншы атанды

Әлем Суперкубогының иегері - «Қайрат»
2014

Футзалдан алматылық «Қайрат» еліміздің тарихында тұңғыш рет Әлем Суперкубогының иегері атанды

Кубок иегері - «Қайрат»
2014

«Қайрат» Қазақстан Кубогын ұтып алды.

«Ақтөбе» - Суперкубок жеңімпазы
2014

«Ақтөбе» Қазақстан Суперкубогының жеңімпазы

2013
УЕФА Кубогының чемпионы - «Қайрат»
2013

Футзалдан алматылық «Қайрат» тұңғыш рет УЕФА Кубогының чемпионы атанды.

Еуропа Лигасының топтық кезеңіне жеткен тұңғыш команда
2013

Қарағандының «Шахтері» Еуропа Лигасының топтық кезңіне жолдама алды. «Шахтер» қазақстандық клубтардың арасында еурокубоктардың топтық кезеңіне жеткен тұңғыш команда

Кубок жеңімпазы - «Шахтер»

«Шахтер» - Қазақстан Кубогының жеңімпазы

«Ақтөбе» - ел чемпионы

Соңғы турда Владимир Никитенко шәкірттері шымкенттің «Ордабасы» командасымен 2:2 есебімен тең түсті. Соңғы минутта жергілікті жас футболшы Абат Әйімбетов соққан гол ақтөбеліктерге бесінші мәрте чемпиондық атақты алып берді. Екінші орында - «Астана».

Суперкубок жеңімпазы - «Шахтер»

Қарағандының «Шахтері» Қазақстан Суперкубогын ұтып алды

2012
Үздік ойыншы - Қайрат Нұрдаулетов
2012

Қайрат Нұрдаулетов Қазақстан Чемпионатының ең үздік ойыншы атанды

Кубок жеңімпазы - «Астана»
2012

«Астана» Қазақстан Кубогының жеңімпазы

«Шахтер» екі дүркін чемпион
2012

Қарағандының «Шахтері» екі жыл қатарынан Қазақстан чемпионы атанды

Суперкубок иегері - «Ордабасы»
2012

Шымкенттік «Ордабасы» Қазақстан Суперкубогын ұтып алды

2011
Ұлан Қонысбаев - үздік ойыншы
2011

Ұлан Қонысбаев - Қазақстан Чемпионатының ең үздік ойыншысы атанды

Төрешілер конвенциясына қабылдану
13 декабря 2011 года

13 желтоқсанда Қазақстан Футбол Федерациясы УЕФА-ның төрешілер конвенциясының толыққанды мүшесі атанды.

Футзалдан УЕФА Кубогының финалы
Толығырақ
«Ордабасы» - кубок иегері
2011

Қазақстанның Кубогын шымкенттік «Ордабасы» ұтып алды

«Шахтер» - тұңғыш чемпион
2011

Қарағандының «Шахтері» тұңғыш рет еліміздің чемпионы атанды

«Локомотив» - Суперкубок жеңімпазы
2011

Астаналық «Локомотив» Қазақстан Суперкубогын ұтып алды

2010
«Ақтөбе» плей-офф кезеңінде

«Ақтөбе» УЕФА Кубогының плей-офф кезеңіне дейін жетті. Жарыстың бұл кезеңінде ол немістердің «Вердерінен» ұтылған болатын

FIFA Кубогы - Қазақстанда
Апрель

2010 жылдың сәуірінде Әлемдік тур аясында FIFA Кубогы Қазақстанға келді

Нұрбол Жұмасқалиев - үздік ойыншы

Нұрбол Жұмасқалиев - Қазақстан Чемпионатының ең үздік ойыншы атанды

«Ақтөбе» Суперкубок жеңімпазы
2010

«Ақтөбе» Қазақстан Суперкубогының жеңімпазы атанды

«Локомотив» кубок иегері

Астаналық «Локомотив» Қазақстан Кубогының иегері атанды. Финалдық ойында олар қарағандының «Шахтерын» ұтқан болатын

«Тобыл» тұңғыш чемпион

Қостанайлық «Тобыл» тұңғыш рет Қазақстанның чемпионы атанды